Қазан айының 13-ші жұлдызында Павлодар қаласының Ә.Бөкейханов атындағы №20 мектеп-лицейінің қабырғасында курстан кейінгі сүйемелдеу аясында «Балаларды кітап оқуға баулу» атты конференция өтті.
Іс-шараны «Өрлеу» Павлодар филиалында 2022жылдың 28.02-11.03. күндері аралығында (оқытушысы А.Идилуп) біліктілігін арттырған кітапханашылар – А. Шахманова, С.Амренова, Т. Алкенова, Г. Жунусова және Г.Мажгутова ұйымдастырды.
Конференцияның ерекшелігі – ата-аналармен жасалған тікелей жұмысында. Бұл жолы ұйымдастырушылар кездесуге тек әріптестерін ғана емес, сондай-ақ кітапқа деген махаббаты әу баста оята алатын, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыратын ата-аналарды да шақырды. Айта кетерлігі, конференция Павлодар мен Ақсу қалаларының он шақты оқу ордаларының өкілдері келген.
Ұйымдастырушылар «әлеуметтік серіктестік – міндеттердің шешімі» деген түсінікті негізге ала отырып, оқуға деген құштарлықты оятып, арттырды екі жақтап шешуге ұйғарды. Презентация жасап, баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жақсы көруге ұмтылдыра білу тақырыбындағы көріністерді, жадынамаларды да жасаған.
Кездесу, қызықты әрі әсерлі болды. Қатысушылар көптеген кұнды ақпаратқа ие болды.

- 19 Окт
- 2022