Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін отандық мультфильм жарыққа шығады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады.

«Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Бұғы, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдаяттары көрсетіледі. Ақшаны дұрыс жұмсау, жинау, жоспарлау, еңбек ету, инфляция мен инвестиция ұғымдары қарапайым тілде түсіндіріледі. Сонымен қатар, алаяқтан және қаржылық пирамидалардан сақтану дағдылары кейіпкерлердің тәжірибесі арқылы берілген.

Мультсериал қазақ, орыс тілдерінде әзірленді. Сценарийін қаржы және білім беру саласындағы сарапшылар бірлесіп жазды.

«Сериалдың басты ерекшелігі – күрделі экономикалық ұғымдарды балаларға қарапайым метафоралармен жеткізуінде. Әр эпизод жеңіл қабылданады және баланың ақша туралы дұрыс түсінік қалыптастыруына көмектеседі. Педагогтерге мультсериал материалдарын оқу процесінде пайдалану ұсынылады. Әр эпизодтан кейін оқушылармен рефлекция ұйымдастыру олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді», – деді «Өрлеу» БАҰО Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Турашев.

Айта кетейік, биылдан бастап «Өрлеу» мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп педагогтердің қаржылық сауаттылық бойынша біліктіліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыра бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар