Биыл балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушының мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Ол өз шығармаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, өмір болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Кейіпкерлері күнде көріп жүрген адамдардай жадыңда жатталып қалады… Бүгін филиал кітапханасында институттың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара спикерлері Кужимова Жаңагүл мен Жанысбек Ләззатқа және қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

- 29 Фев
- 2024