«Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары»

«Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары».📃Дәл осындай ұранмен нысаналы мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қоса алғанда, 84 қатысушыға арналған тамыз конференциясының секциясы өтті.

🎯Секция 15 тамызда «DIGITAL URPAQ» оқушылар сарайы базасында «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» Республикалық жобасын іске асыру аясында жұмысты ұйымдастыру мақсатында өтті.

❗ «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы туралы, облыстың нысаналы мектептерінің жеке портретін мен жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу,әдіскерлердің қолдауымен мақсатты мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары, жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау және мониторинг іс-шаралар туралы – келесі спикерлер дайындаған талқылау үшін маңызды тақырып:

• Салтанат Мухамеджанова – «А. Байтұрсынұлы атындағы Талдау білімді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ білім беру статистикасы және жоспарлау департаменті директорының орынбасары;

• Лейла Альмагамбетова – «Өрлеу» БАҰО АҚ СҚО бойынша ОЖБ директоры;• Роза Саркен – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әәдістемелік орталығының» басшысы;

• Марина Панарина – СҚО білім сапасын бақылау департаментінің маманы.

🔁Іс-шара соңында секция қатысушыларының ақпарат алмасу және сұрақ-жауап айдары үшін үлкен мүмкіндік болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар