«Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары» тақырыбында секциялық мәжіліс өтті

2024 жылдың 15 тамыз күні Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейі базасында облыстық тамыз конференциясының аясында «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары» тақырыбында секциялық мәжіліс өтті.

🔰 Секциялық жұмыс «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы шеңберінде мектеп басшылығы және әдіскерлердің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау мақсатын көздеді.

🔰Шараға Атырау облысы бойынша 46 нысаналы мектептің директорлары, ментор – әдіскерлер, аудандық білім бөлімнің басшылары қатынасты.

🔰Облыстық панельдік секцияға жобалық кеңсенің координаторы, облыс әкімнің орынбасары -Бисембиев Ж.О. қатынасып, білім саласындағы бірқатар мәселелерді тыңдап, өз ұсыныстарын білдірді.

🔰Панельдік секция отырысында талқыланған баяндама тақырыптары:

🔹«943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы. Спикер Аманғазы М.З. – А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының басқарма төрағасы

🔹«Жобалық кеңсенің жоспарланған қызметі туралы» Спикер Биманова О.М – Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары

🔹«Мақсатты мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу» Спикер Губайдуллина Г.Г – Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары

🔹«Әдіскерлердің қолдауымен мақсатты мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары» Спикер Даулетова Р.Қ – «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» директоры

🔹«Жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау/мониторингтік іс-шаралар туралы» Спикер Таишев Б.Е – Атырау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы

🔰Секция отырысын облыстық білім беру басқармасының басшысы М.Ә.Әбуов қорытындылады.

Сұрақ – жауап кезінде педагогтер өзара пікір алмасып, тиімді ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар