Білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында а.ж. 16 тамыз күні «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесе дамыту стратегиясы» тақырыбында облыстық секциялық отырыс өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – «943-еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында мектеп басшылығы мен әдіскерлерінің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын анықтау.
Секция отырысыда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Шилибекова Айдана Сенбековнаның «943-еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы туралы баяндамасы тыңдалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Кзылкулова Ләззат Абильдаевна «Жобалық кеңсенің жоспарланған іс-шаралары туралы» және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Нарегеева Агура Маарбановна «Мақсатты мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын жүзеге асыру» туралы баяндама жасап, НМ-мен атқарылатын жұмыстарды талдады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының әдіскері Утеулиева Лаззат Шакуалиевна «Әдіскерлердің қолдауымен мақсатты мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары» тақырыбында нысаналы мектептерді дамытуда әдіскер-менторлардың рөлі мен қызметі, НМ әкімшілігі мен педагогтермен өзара бірлескен әрекеттердің сапалы жүргізілуі туралы пікірлерімен бөлісті.
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлының «Жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау/мониторинг қызметі туралы» баяндама жасап, НМ-мен жұмыста өзара тиімді әріптестіктің маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап, талқылаудан кейін ұсыныстар беріліп, өңірдегі озық тәжірибелі мектептердің (Тараз қаласы, №39 И.В.Панфилов атындағы мектеп-гимназия мен Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназия) іс-тәжірибелерінен шеберлік сынып өткізілді.