Баспасөз брифингі өтті

19 маусым Атырау облысы әкімі аппаратының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” базасында «Білім сапасын арттырудағы үздіксіз кәсіби дамудың рөлі» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Брифинг спикері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Даулетова Роза Қабышқызы 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстар туралы, мемлекеттік тапсырыс негізіндегі курстар, оқу бағдарламалары, жаңа жобалар туралы баяндады.

Баспасөз брифингі барысында өңірлердегі білім беру қызметкерлерінің кәсіби, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік басқарушылық құзыреттерінің деңгейін арттыру, филиал қызметінің мәні шеңберінде заманауи білім беру технологияларын енгізу және бейімдеу үшін жасалып жатқан іс-шаралар турасында сөз қозғалды.

Сонымен қатар, эфир барысында туындаған әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар