Бастамашылық жасап хабарлау саясаты мен қызметтік тексеру жүргізу қағидалары ережелерін түсіндіру

📌Бүгін, ағымдағы жылғы ақпанның 10 күні қоғамның бастамашылық жасап хабарлау саясаты мен қызметтік тексеру жүргізу қағидалары ережелерін түсіндіру мақсатында жиналыс өтті.

Іс-шараға Өрлеу орталық аппаратының комплаенс-офицері Сагидолла Сакенов қатысып, ұйымдағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.

🔹 Жиналыстың негізгі тақырыптары:
✅ Бастамашылық жасап хабарлау саясатының маңызы;
✅ Қызметтік тексеру жүргізу қағидалары және оның кезеңдері;
✅ Ашықтық пен әділдік қағидаларын сақтау;
✅Жауапкершілік пен құпиялылықты қамтамасыз ету.

💬 Жиналыс барысында қызметтік тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері, этикалық нормаларды сақтау және ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Мұндай шаралар ұйымдағы этикалық нормалар мен адалдық қағидаларын нығайтуға ықпал етеді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты түсініктемелер алды.

🔎Бұл кездесу ұжымдағы комплаенс-мәдениетті нығайтуға және әрбір қызметкердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар