«Бастапқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы педагогтардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» курсы шеңберінде көшпелі практикалық сабақ өтті

«Өрлеу»-СҚО филиалы мен СҚО қорғаныс істері департаментінің ынтымақтастығы аясында 11 сәуірде СҚО қорғаныс істері департаменті базасында облыстың орта білім беру ұйымдарының АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары үшін «Бастапқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы педагогтардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» курсы шеңберінде көшпелі практикалық сабақ өтті.
Оқушыларды әскери қызметке дене шынықтыру және моральдық-психологиялық даярлаудың маңыздылығы туралы СҚО қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, Подполковник Марат Кәрімов мазмұнды ақпаратпен сөз сөйледі.
СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Нурлан Мурзаканов шақыру жасындағы оқушылармен тәрбие және үгіт-насихат қызметі бағытында АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушыларының жұмысын нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы туралы сөз сөйледі.
СҚО қорғаныс істері департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет инспекторы Калиолла Саутбеков әскерге шақырылушылармен жұмыс істеудегі өз тәжірибесімен және «лайфхактарымен» бөлісті.
Сондай-ақ, ҚР НҚА ҚБ-да әскери есеп жүргізу, әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен жұмыс істеу мәселелері қаралды.
АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушыларының іскерлік ынтымақтастық жағдайындағы кері байланысы болашақ әскерге шақырылушылармен жұмыста тиімді және табысты нәтиже алу үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және әдістемелік сүйемелдеу тұрғысынан білім беру ұйымдары мен әскери комиссариаттардың өзара іс-қимыл мәселелерін қараудан тұрды.
Өрлеу СҚО бойынша филиалы СҚО қорғаныс істері департаментінің басшылығына алғысын білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлайды, бұл жастарды әскери қызметке даярлаудың табысты нәтижесіне әкеледі және облыстың АӘжТД ұйымдастырушы-оқытушыларына әдістемелік қолдау көрсетеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар