«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында курс өтуде

5-16 тамыз аралығында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбындағы курс Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 ЖОББМ базасында өтуде. Курста бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін  арттыруда.  Курс барысында тыңдаушылар бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру бойынша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, бақылау дағдылары мен іскерліктерін меңгереді.  Тәрбиелік құндылыққа бағдарланған тәсілдерді ескеріп, ақпарат қағидаты бойынша сандық білім беру ресурстарын қолданудың тиімді жолдарын анықтайды. Курс аясында  жеке, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқытудың тиімді тұстары көрсетіледі.

    Апта соңында тыңдаушылар білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, пәндегі белсенді оқудың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қарастырып, қорытынды тест тапсырады. Курсқа  Оралдағы «Өрлеу» филиалының білікті тренері Жумагалиева Динара Шынболатовна жетекшілік етуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар