2024 жылы 26.03-05.04 аралығында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған біліктілігін арттыру курсы Түркістан облысы Мақтарал ауданы. Мақтарал мектеп-гимназия базасында ұйымдастырылды. Негізгі ұлттық құндылықтар – белгілі бір этникалық қауымдастыққа тән, оның тарихи өзіндік ерекшелігі мен бірегей қыр-сырын көрсететін рухани мұраттар жиынтығы. Көбіне олар азаматтың ұстанымын айқындайды, мемлекетке, сондай-ақ өткенге, бүгінге және болашаққа қарым-қатынасын қалыптастырады. «Ұлттың ұзақ өмір сүруінің көзі ұлттық санада және өзінің санасында, ұлттық құндылықтарда, мүддесінде, талғамы және өзін-өзі бағалауда, ұлттық мәдениет пен тілде көрініс беретін оның ішкі мазмұнының қызмет етуі және ұдайы жетілдірілуінде» Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі – Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және т.б. көрініс тапқан және негізі менталитет болып табылатын қандай да бір этникалық қауымдастықтар өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы. Бастауыш мектепте құндылықтар тақырыбында сынып сағаттарын өткізу балаларда белгілі бір моральдық принциптер мен этикалық құндылықтардың маңыздылығын түсінуді қалыптастырудың пайдалы және тиімді әдісі бола алады. Міне, осындай игі іс-шараларды қалай ұйымдастыруға болатыны туралы көрініс тауып тұр. ”Ұлттық мүдде “ және “Ар-ұят” тобының ұстаздарының ұйымдастырған іс-шаралары.

- 04 Апр
- 2024