Бүгін Көкшетау қаласындағы «Нұр бала» бөбекжайында жаңадан бастаған педагогтары және «Жастарға кәсіби мамандар көмегі» жобасының қатысушылары үшін Ақмола «Өрлеу» тренері Айнагүл Бекбасарованың ұйымдастыруымен шеберлік сабақтары өтті.
Педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытатын оқыту мен тәрбиелеу технологияларының кең спектрін ұсынды: Reggio Pedagogy, SAND ART, STEAM технологиялары ХХІ ғасырдың дағдыларын қалыптастыруда ең тиімді.



