2024 жылдың 12 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Айгүл Байузакованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың зерттеушілік және жобалау іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік-сынып өтті.
Іс-шараға Алматы облысы Ұйғыр ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Рысмендиева Э.Н. және облыстың 30 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, білімдерін жетілдірді.
Шеберлік-сыныптың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің ізденіс және зерттеу іс-әрекетінің тиімді педагогикалық технологияларын енгізу аясындағы кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын арттыру. Кездесуде мұғалімдер зерттеушілік және жобалау іс-әрекеттерін сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын үйреніп, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алды.
Бұл тәжірибе оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

