Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда

9 қазанда «Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институтында орта білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің “Математика”, “Қазақ тілі” және “Әдебиеттік оқу” пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы курс басталды.

Оқытудың мақсаты: интербелсенді – тәжірибелік сабақтар форматы арқылы 80 академиялық сағат ішінде бастауыш жалпы білім берудің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу) ең күрделі тақырыптары бойынша бастауыш сынып мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту.

Курс бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін кеңейтуге және Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша 1-4 сынып оқушыларының білім сапасы мен оқу қызметін дамытуға бағытталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар