2022 жылы 30 мамырдан бастап «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Бастауыш мектептің оқу жоспары пәндерінің күрделі тақырыптарын оқу” атты курсын жалғастыруда.
Бұл курстың ерекшелігі – тыңдаушылар күрделі тақырыптарды оқытудың мазмұны мен әдістемесі туралы хабардар болып қана қоймай, өзара оқыту негізінде өз дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік ала алады.