Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталуда

Маусым айының 6-сы мен 17-сі аралығында Өрлеу-Павлодар филиалында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» атты курс өтуде.

Біліктілікті арттыру іс-шарасы барысында тыңдаушылар білім беру сапасын арттыру жағдайында оқыту, дамыту мен тәрбиелеу мазмұны мен әдістерімен таныс болып, бастауыш мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық негіздерін және математика, дүниетану, жаратылыстану және «Тіл және әдебиет» білім беру саласының пәндері бойынша күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесін ашып, ІТ-құзыреттілік және цифрлық сауаттылығын дамытты. Сонымен қатар, бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеруде білім алушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін зерделеді.

Ұстаздар қаламыздың үздік ұстаздарымен көшпелі тәжірибелік сабақтар барысында тәжірибе алмасып, жаңа қажетті әрі маңызды ақпаратқа ие болды. Алған білімін алдағы уақытта өз практикасында міндетті түрде қолданатын боламыз деседі тыңдаушылар қауымы.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар