Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көшпелі курстар өтті

«Өрлеу»-Павлодармен кезекті көшпелі курс ұйымдастырылды. Бұл жолы филиал оқытушысы А.Идилуп Екібастұз қаласының №9 ЖОМ базасында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Математика», «Орыс тіл» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту (1-4 сыныптар)» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттырды.
Іс-шараның басты мақсаты интерактивті – практикалық сабақтар форматы арқылы 80 академиялық сағат ішінде бастауыш жалпы білім берудің ең күрделі тақырыптары (математика, орыс тілі, әдебиеттік оқу) бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
Курс соңында тыңдаушылар алған теориялық білімдерін жоғарыда аталған пәндік салаларында күрделі тақырыптарды оқытуда қолданып, қажетті әдістер мен тәсілдерді іріктеуді жүргізуді, сабақтың бір бөлігін немесе әр тақырып бойынша бірқатар тапсырмаларды жобалауды, пәндік білім негізінде демо-сабақтарды, әріптестерінің бірқатар тапсырмаларын талдауды үйренді.
Сонымен қатар, №9 мектеп ұстаздары курс тыңдаушылары үшін практикалық ашық сабақтар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар