Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 5 желтоқсан күні Өрлеу-Павлодарда «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нышандары» тақырыбы бойынша курстан кейінгі қолдау аясында облыстық вебинар өтті. Іс-шараның модераторы филиалдың аға оқытушысы А. Мухаметалина.

Вебинарға Екібастұз, Ақсу қалаларының, Павлодар, Ертіс, Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Железин, Ертіс аудандарының елуге жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Оқу сауаттылығын зерттеу дәрежесі бүгінгі таңда халықаралық деңгейде қарастырылуда. Оқушылардың оқу сауаттылығын дұрыс қалыптастыру негізінде қабылдау, ақпаратты талдау, мақсат қою және соған жету жолын айқындау қабілеттері толық жоғары дәрежеде болуы мұғалімнің еңбегімен келеді. Осы орайда А.Нахметова, Н.Жомартова, К.Жукабаева, А.Дюсембинова сынды жоғары білікті ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар вебинар барысынан өз әріптестерінен көптеген жаңашылдықтарды білді деп, іс-шара өте пайдалы болды деп пікір білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар