«Өрлеу» Астана Кәсіби даму институты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» атты біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.
Курс барысында тыңдаушылар Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудың ерекшелігін егжей-тегжейлі талдап, «Құндылық» ұғымына анықтама беріп,білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мәселесі төңірегінде ой өрбітіп, тәжірибе алмасуда.
Сондай-ақ сабақ та және сабақтан тыс уақытта оқушыларда ұлттық мүдде, ар-ұят, талап секілді құндылықтарды қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдер, жұмыс нысандарымен танысып, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және ата-аналарды тәрбие процесіне тартуға бағытталған воркшоп әзірлеп, тәжірибелерімен кеңінен бөлісуде.





