Бастауыш сынып оқушыларының білім беру кеңістігін ұйымдастыру

Ақсу қаласының №4 мектебінде «Бастауыш сынып оқушысының білім беру кеңістігін ұйымдастыру» атты республикалық семинары ұйымдастырылды. Әдістемелік көмек беру мақсатында іс-шараға Өрлеу-Павлодар аға оқытушысы Айман Идилуп қатысты.

Семинар барысында Ақмола, Абай, Павлодар облысының, Астана мен Семей қалаларының білікті ұстаздары тәжірибелерімен бөлісті.

Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, мастер класстар өткізді. Іс-шара иелері өздерінің педагогикалық тәжірибесін, әдістемелік идеяны іске асыруды, оқытудың әдістемелік әдіс-тәсілдерінқолдануды көрсетті. Қонақтар әріптестері ұсынған білімдері мен жұмыс атқаруларының ерекшеліктерін қабылдауға мүмкіндік алды.

Мектептік мәжіліс залында мастер-класстар сериясы өткізілді. Семинар қонақтары бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын дамытуға, олардың жеке басын қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға бағытталған педагогтердің инновациялық қызметімен танысты. Семинар соңында әріптестер сабақтағы оқушылардың жұмысын, олардың мұғаліммен қарым-қатынасын талқылады.

– Қонақтардың пікірінше, бастауыш сынып оқушысының оқу сапасын арттыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру атты семинардың негізгі мақсатына қол жеткізілді. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті, – дейді А. Идилуп.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар