Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават ауылының И.Искандеров атындағы орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ аға оқытушысы Мариям Мухамадиеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сабақ барысында дамыту» тақырыбында облыстық шебер-сынып өтті.
Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау.
Шебер-сыныпқа Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Жамбыл, Райымбек, Талғар аудандарының ұстаздары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері заманауи білім беру платформалары және оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерімен танысты.
Ұйғыр аудандық оқу әдістемелік орталығының аға әдіскері Эльмира Рысмендиева іс-шараға қатысқан ұстаздардың жұмыстарын жоғары бағалады. Белсенді қатысқан ұстаздар Институт директорының құрмет грамотасы, алғыс хат және сертификаттарымен марапатталды.


