Бастауыш сынып педагогтеріне арналған тәжірибелік семинар

2025 жылдың 20 ақпаны күні “Өрлеу” Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының оқытушылары Арай Қарсыбаева, Мариям Мухамадиева, Айгүл Байұзакова және Нұрсәуле Джанбырбаева ұйымдастырған тәжірибелік семинар өтті.

Семинар Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі мен Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №24 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

Семинар бастауыш сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған. Оған деңгейлік тапсырмалар мен диагностикалық құралдар әзірлеу, оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету кіреді.

Қатысушылар – Жамбыл, Қарасай, Іле аудандары мен Алатау қаласындағы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері.

Семинар барысында қатысушылар халықаралық TIMSS зерттеуінің талаптарына сәйкес математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеп, деңгейлік тапсырмаларды тиімді қолдану әдістерін талқылады. Оқыту үдерісінде бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған практикалық жаттығулар жүргізілді.

Бұл шара бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттырып, білім алушылардың сауаттылығын дамытуға бағытталған тың әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар