Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру

2023 жылдың 11 мамыр күні «Бастауыш сынып пәндерінде құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында семинар-практикум  өтті. Іс-шараны Ә.Кекілбайұлы ат.№72 ЖББОМIT МЛ директордың м.а. Лязат  Молдажарова ашып, модератор С.Шаштыгарина «Оқытуда құндылыққа бағытталған білім берудың маңыздылығы» мәселесіне тоқталды.

Семинар-практикум  облыстың үздік педагогтерінің панорамасы түрінде өтті. Мұғалжар ауданындағы № 3″Ембі қалалық ЖББОМ-тің педагог-зерттеушілері Орынгуль Мукиева,   Дамила Исмаилова, Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектептің  педагог-зерттеуші Жұбанышева Айнұр, Ә.Кекілбайұлы ат.№72 ЖББОМIT МЛ педагог-зерттеушілері Бауржан Мустафин, Гульнар Умарова,  Венера Курпишева, Жәнібекова Нұржайна оқу бағдарламаларының мазмұны арқылы құндылықты тәсілді іске асырудағы өз тәжірибелерін ұсынды. Одан бөлек, құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру практикаларымен және сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларының бойына құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, спикерлер өз баяндамаларында оқу бағдарламаларының мақсаттарын іске асыру арқылы білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Құндылық тақырыбы қай уақытта да өзекті болған, бола да бермек. Құндылықтарға сабақта арнайы тоқтаудың қажеті жоқ, ол үнемі кез-келген сабақтың өн бойында көрініп тұруы керек деген тұжырым жасалды. Іс-шара барысында  өте маңызды, құнды ақпараттар айтылды. Ұйымдастырушылар мен іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар