2022 жылдың 24 қаңтарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мұхаметжанова Әсел Зейнуллақызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына іссапармен келді.
Іссапар барысында Басқарма Төрағасы Әсел Зейнуллақызы институт ұжымымен кездесіп, филиалдың директоры лауазымына Исимова Айнаш Есенгельдиевнаны тағайындады.
Іссапар аясында Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Есенгалиев Саткан Ибраевичпен кездесіп, білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Облыстағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті басшылығы және профессор оқытушылар құрамымен Әсел Зейнуллақызы кездесіп, өңірдегі кәсіби біліктілікті арттыру мәселелерін талқылады.
