2023 жылдың 16-18 қазан аралығында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы ББЖМ-нің нәтижесі бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы, Алатау ауданында №184 ЖББ мектеп базасында мектептің бастауыш сынып пен жаратылыстану-ғылыми сауаттылық циклі пәні мұғалімдерімен кездесіп, семинар өткізді. Семинардың мақсаты оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларының ерекшеліктерін талқылау; орта білім берудегі жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарды жобалау.
Орта білім беру ұйымдары оқушыларының білім сапасын ББЖМ сәйкестігін бағалауда, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауда және білім беру процесін үздіксіз дамытудағы келелі жұмыстарға тоқталып, ББЖМ тест тапсырмаларын орындау тиімділігіне талдау жүргізілді.
Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік семинардың келесі күндері тәжірибелік жұмыстармен ұштасты. Семинар барысында жаратылыстану сауаттылығы цифрлық технологиялар және онлайн қызметтерді білім беру процесінде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.