Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісінің (ББЖМ) соңғы нәтижелерін талдау және оларды жақсартуда әдістемелік сүйемелдеу жүргізу тетіктерін қарастыру мақсатында Шымкент қаласының мұғалімдері үшін семинарлар ұйымдастырылды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың тиімді амалдарын жетілдіру бойынша Жол картасын әзірледі. Оған негіз болған құжат – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамызда бекітілген ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының «ББЖМ-ның орташа нәтижесінен ең көп ауытқуы бар өңірлердің мектептері үшін қысқа мерзімді тәжірибелік семинарлар өткізу» туралы 3, 7, 10 – тармағындағы әдістемелік сүйемелдеу көрсету шараларын ұйымдастыру. В.Терешкова атындағы №31 ЖОМ базасында биология пәні мұғалімдері үшін «Зерттеу әдістерін қолдана отырып, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында, № 46 мектеп-лицей базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімдеріне «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстардың әдістері мен нысандары» тақырыбында, №75 ЖОМ мектеп-лицей базасында «Математика пәнінен құзыреттілік есептерін шешу» тақырыбындағы тәжірибелік семинарлар өткізілді. Шымкент қаласының В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінде өткен іс-шарада семинар жұмысымен, мақсаттары мен міндеттерін анықтау және бағдарламасымен таныстыру кезеңінде сөз «Өрлеу» БАҰО АҚ орталық аппаратының Ғылым, инновация және аналитика департаментінің бас маманы Асель Темирбековаға және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының филиал директоры Искакова Лаура Турлыбековнаға берілді. Семинар мақсаты: биология пәні мұғалімдерінің оқушының жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру біліктерін дамыту. Семинар барысында педагогтер ББЖМ, PISA тапсырмаларымен жұмыс дағдыларын дамыту бойынша тәжірибе алмасты, педагогтерге оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізу бағыттарын көрсетуде көмек берілді. Семинарда мұғалімдер баяндамалар талқылап, тренинг, шебер сыныптарға қатысты. Семинарға Шымкент қаласының 24 мектебінен жалпы саны 200 ден астам мұғалім қатысты. Нәтижеде педагогтер зерттеу жұмыстарының түрлері мен оны ұйымдастыру тәсілдерін білді, зерттеу әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасты.

- 24 Ноя
- 2023