«ББЖМ нәтижелері бойынша педагогтерді (пән мұғалімдерін) әдістемелік қолдау» тақырыбында үш күндік семинарлар аяқталды

2023 жылдың 30 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Шымкент қаласының мұғалімдеріне математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша білім алушыларды ББЖМ-ға дайындауда педагогтердің шеберлігін жетілдіру үшін үш күндік практикалық семинарлар өткізілді.Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназиясында математика, биология, география, химия және қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «ББЖМ нәтижелері бойынша педагогтерді (пән мұғалімдерін) әдістемелік қолдау» және №46 мектеп-лицейінде «Бастауыш сынып мұғалімдерінің ББЖМ (МОДО) әдістемелік қамтамасыз ету аспектілері» тақырыптарында семинарлар өтті. Барлығы 300-ден астам педагогтің қатысуымен Шымкент қаласының 24 мектебінің мұғалімдері қамтылды. Семинар барысында қатысушылар ББЖМ-2022 мониторингінің деректерін талдап, 4, 9 сынып оқушыларының түрлі пәндер бойынша жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін талқылады, өзекті тақырыптарды анықтады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі мазмұндық және әдістемелік аспектілерін қарастырып, ББЖМ-ға дайындық процесінде қолдануға ұсынылатын цифрлық ресурстарға шолу жасалды. Сондай-ақ, тәжірибелік бөлімде ББЖМ тапсырмаларын құрастыру бойынша тренингтер ұйымдастырылды.Кері байланыс кезінде қатысушылар семинарлар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға мадақтамалар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар