2023 жылғы 8 желтоқсанда «Уваровка ОМ» КММ базасында «ББЖМ қағидаттары негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру стратегияларын қолдану» атты үш күндік практикалық семинар аяқталды.Семинарға Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Шемонаиха және Ұлан аудандарының 11 мектебінің 126 педагогы (бастауыш сынып, математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері) қатысты.
Іс-шара барысында 4, 9 сынып оқушыларының математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың белсенді стратегияларын қолдана білуін дамытуға бағытталған 27 практикалық сабақтар мен шебер-сыныптар өткізілді.
Семинар соңында ұсыныстар қабылданды, қатысушылар осы тақырыптың өзектілігін және алынған материалдарға сұранысты атап өтті.





