03.11.2022 жылы биология пәні мұғалімдерімен «Биологияны оқытуда жергілікті жердің ресурстарын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Педагогтердің жергілікті жер ресурстарының материалдарын биология сабағында қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырудың маңызы зор. Бүгінгі дөңгелек үстелде: жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасымен оңтүстік өңірдің флорасы мен фаунасы туралы ақпараттарды қалай ұштастырса болады? – мәселесі талқыға салынды. Дөңгелек үстел барысында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы «Дауан» жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Гулжан Елубаева “Ақсу-Жабағылы” туралы, Сайрам ауданы №27 «Аққала» жалпы орта мектебінің мұғалімі Нишанай Мавланкулова “Ақсу өзенінің флорасы мен фаунасы” туралы, Шардара ауданы «Ұзын-ата» жалпы орта мектебінің мұғалімі Балияш Танжарова «Шардара теңізінің өсімдіктері мен жануарлары» атты таныстырылымы және Төлеби ауданы №3 П.Тажибаева атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Алия Кожамсугирова «Өгем ұлттық паркі» туралы берілген ақпараттары талқыға салынды. Қатысушылар дөңгелек үстелде көтерілген сұрақтарға толық жауап алды. «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Жанат Раймкулова.




