«Өрлеу» Астана Кәсіби даму институты пәндік құзыреттілікті дамыту мақсатында биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сыныптағы қиын тақырыптар» атты курс жалғасуда.
Курс барысында тренер Раушан Майданбаевна білім беру саласындағы жалпы мемлекеттік басымдықтар мен әлемдік трендтерді түсіндіріп, оқытуды жоспарлау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді қолданып педагогтердің біліктілігін арттыруда.
Әр сабақта “Стикердегі диалог” тәсілі, “Пазл” жаттығуы, “Джигсо 2” бойынша өзара оқыту, Quizlet.com платформасы көмегімен интербелсенді дәрістер өтіп жатыр.


