Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Дариға Қартбаева Талғар ауданы, Кеңдала ауылындағы №42 орта мектебінде «Биология пәнін оқытудағы интеграция: функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинарға Алматы және Жетісу облысының биология пәні мұғалімдері қатысып, оқытудағы пәнаралық байланыстардың маңызын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдістерін талқылады.
Баяндамалар:
📌 Балым Кошиева («Береке» орта мектебі) – «Биология сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы оқушы тұлғасын дамыту тапсырмаларын құрастыру»;
📌 Алтынай Оразымбет (Ақдала орта мектебі) – «Биология сабағында жоба жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері»;
📌 Жадыра Акбергенова (Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп) – «Биология пәнін оқытуда құндылықтарды қалыптастыру».
Семинар нәтижесінде мұғалімдер:
✅ Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тиімді тапсырмалар құрастыруды үйренді;
✅ Оқу-тәрбие үдерісіне заманауи технологиялар мен белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді енгізу жолдарын меңгерді;
✅ Түрлі тапсырмалар арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мүмкіндіктерімен танысты.






