БЛИЦ-КЕЗДЕСУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасын іске асыру мақсатында 24.04.2025 ж. «Өрлеу Шымкент» филиалы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісінің иегері, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызымен «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған курс тыңдаушыларына Блиц-кездесу ұйымдастырылды.

Жанар Жорақызы білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи тенденциялар туралы пікір бөлісіп, қатысушылардың сан түрлі сұрақтарына жауап берді. Кездесуде оқу үдерісін ұйымдастыру, көшбасшылық, педагог мәртебесі секілді маңызды тақырыптар қозғалды.

Ашық форматтағы сұхбат кәсіби әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, шабыт пен тың идеялар алды.

Іс-шара соңында «Кәсіби даму институтының» директоры, ф.ғ.к. М.Медетбекова барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, Жанар Жорақызына естелік сыйлық табыстады.

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды, пайдалы әрі жылы ықыласқа толы болғанын көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар