Блум таксономиясы-оқу жетістігін бағалау әдістемесі

Институт аға оқытушысы Ақмарал Изтлеуованың ұйымдастырумен 19 қаңтар күні облыс педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Блум таксономиясы-оқу жетістігін бағалау әдістемесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында педагогтер қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздей жасауды қарастырды және топтық жұмыста «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады ма?», «Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?» деген сұрақтар төңірегінде диалогқа түсіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогтер тапсырма әзірлеудің (жоспарлау, құрастыру, сараптау, қолдану, талдау) сияқты бірнеше кезеңдеріне тоқталды. Тапсырма әзірлеу барысында оқу мақсаттарын, бағалау критерилерін есте ұстау және тиімді практикалық тапсырма құрастыруға ықпал ететіні туралы сөз болды.
Семинар соңында педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс беріліп, рефлексия жүргізілді. Барлық қатысушыларға белсенділіктері және Ғ.Ақтаев ат. №6 мектеп-гимназиясы ұжымына серіктестік үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар