Болашақ мамандарға арналған семинар

    Жол картасы аясында  «Заманауи сабақ тиімді және сапалы білім берудің негізі ретінде»  тақырыптағы семинар бүгін М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогикалық білім беру бағдарламаларының Тарих, экономика және құқық факультетінің 4-ші курс студенттеріне ұйымдастырылды. Аталмыш тақырыптағы семинар М.Өтемісов атындағы БҚУ-мен бірлесіп өтуде.

     Семинардың мақсаты: студенттерге мектептегі тәжірибе кезінде оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен жоспарлауда көмек көрсету.

Болашақ мамандардың басын қосқан семинарға Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Таскалиева жетекшілік етті. 

     «Оқу пәндері бойынша SMART мақсаты мен сабақты жоспарлау кезеңдері», «Заманауи сабақтың белсенді әдіс-тәсілдері», «Саралап оқытудың өзектілігі мен мүмкіндіктері», «Критериалды бағалау ерекшеліктері, кері байланыс» тақырыптарын қамтыған іс-шарада студенттер өз ойларымен бөлісіп, мазмұнды ақпарат алды.  Студенттер тақырып бойынша топтарға бөлініп, практикалық тапсырмаларды орындап, қорғады.

   Жас мамандарға жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай жоспарлауға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету Оралдағы «Өрлеу» аға оқытушыларының мақсаты.«Өрлеумен» бір болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар