10.01.2024 жылы Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Қысқы мектеп» жобасы аясында «Болашақ педагог мамандарды жаңа форматта даярлаудың бағыттары» оқыту семинарында филиалдың кітапхана ісі бойынша бас маманы Замира Сеитказиева «Digital замандағы білім алушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Қазіргі біртұтас, синкретикалық ақпараттық орта заманауи адамның сауаттылықтың ерекше түрі медиа және ақпараттық сауаттылықты менгеруін қажет етеді. Осы орайда, ақпараттық сағат барысында медиа және ақпараттық сауаттылық ұғымы жан-жақты қарастырылып, ақпаратты этикалық тұрғыда пайдалану жолдары талқыланды. «Google Академияның мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара соңында университет ұжымы берілген ақпараттардың құндылығын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

- 11 Янв
- 2024