Брифинг «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту: өзгерістер мен басым бағыттар»

Өрлеу Алматы қаласы бойынша филиалында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту: өзгерістер мен басым бағыттар»  тақырыбында брифинг өтті.

Брифингтің мақсаты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи өзгерістер мен басым бағыттары арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Іс-шараға филиалдың оқытушылары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Брифинг жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи өзгерістер мен басым бағыттары арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
  2. Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік  технологиялар;
  3. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасында мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы этномәдени құндылықтарды қалыптастыру .

Брифинг аясында «Балабақшада этномәдени құндылықтарды насихаттайық!» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын көрме бұрышы ұйымдастырылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар