Біз ардагерлерімізді мақтан тұтамыз!

Қыркүйектің 29-ы Ұстаздар мен қарттар күні мерекелерінің қарсаңында «Өрлеу» Павлодар ұжымы кезінде институттың кәсіби дамуына баға жетпес үлестерін қосқан мұғалімдерін, ұйымның ардагерлерін үлкен ықыласпен және жылулықпен қарсы алды. Ол шараны ұйымымыздың кәсіподақ мүшелері жүзеге асырды. Олар көп жылдар бойы еліміздің білім саласында қызмет етіп, оны дамытуда аянбай еңбек етіп жүрген ардагерлерімізге дастархан жайды. Бұл азаматтардың мемлекетіміздің білім беру жүйесіне арнаған еңбектері мен өмір жылдары баға жетпес құндылық екені сөзсіз. Кеш барысында әріптестер қызықты, шытырман оқиғаларға толы өткен күндерді еске алып, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру шаңырағында қайтадан бастары қосылғандарына көңілдері толды.


Құрметті ардагерлер, сіздер көп жылдар бойы еліміздің білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми бағдарды нығайту жолында өзіндік із қалдырдыңыздар. Қазақстан педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру үшін ерінбей еңбектеніп, зор үлес қостыңыздар, сіздерге алғысымыз шексіз! сіздерге шын жүректен деніңізге саулық, бақыт пен шаттық тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар