Орта білім беру ұйымдарының математика мұғалімдері үшін 80 сағатқа жоспарланған “5-9 сынып математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту” біліктілікті арттыру курстарында “айнымалы Модульдер белгілеріндегі теңдеулерді шешуді оқыту әдістемесі”тақырыбында белсенді жұмыс жүргізілді.
Тыңдаушылар айнымалысы модуль таңбасының ішінде болып келген теңдеулерді шешуге үйрету үшін топта жұмыс істеді; сабақ үзіндісін жоспарлады, сонымен қатар іске асыру барысында қандай қиындықтар болғанын және жетістіктерге жету үшін одан әрі жетілдіру үшін қандай әрекеттер жасалатындығы туралы өз ойларымен бөлісті. Жұмыс күнінің екінші жартысында сызықтық және квадратты функциялардың графиктерін құру кезінде Excel электрондық кестесін қолдану ерекшеліктерін түсіндіріп, жұмыс нәтижесін талқылады және жалпылады.Жұмыс күнінде «Рюкзак», «Тәжірибемен бөліс», «Ақпараттық әткеншек» т.с.с. әдістер қолданылды. Белсенділігін арттыру және дамыту мақсатында қолданылған түрлі әдіс – тәсілдер мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына бағыт – бағдар берді; шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашты. Тәжірибелі ұстаздар мен белсенді жастар тобы арасындағы пікір талас өрбіді, пайдасы, әсері жоғары болды.



