Біліктілікті арттыру курстары

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 11 сәуірде бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталады.

Курстардың тақырыптық бағыттары:
1. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту». Тренері – Боранбаева Ляйля Каирбековна.
2. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған: «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру».Тренері – Дюсембинова Бахыт Сериковна.
3. Оқытуы қазақ тілді емес орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілектерін дамыту». Тренері – Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы.
4. Оқытуы орыс тілінде емес орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне: «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту». Тренері – Нурмаганбетова Жансулу Сагындыковна.

Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар