Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен кездесу

Бүгін, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Нұрлыбаев Қайсар біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен кездесті.

Кездесу барысында директор тыңдаушыларды институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, педагогтармен кері байланыс бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде педагог-тыңдаушылар қазіргі біліктілікті арттыру жүйесінің білім беру бағдарламаларының тәжірибеге негізделген сипатын белгілеп, білім беру және кәсіби даму саласындағы болып жатқан өзгерістер туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар