«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 2022 жылы 6 мамырда бірнеше тақырыпты қамтыған бюджеттік
және ақылы біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне: “Жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи сабақты жобалау технологиясы”;
Бастауыш сынып мұғалімдеріне: “Бастауыш мектептің оқу жоспары пәндерінің күрделі тақырыптарын оқу”
Орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне:””Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту”;
Қазақ және орыс тілдерде оқытатын орта білім беру ұйымдарының информатика пәнінің мұғалімдеріне:”Информатика пәнінің мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту”;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне:”Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту”.

- 06 Июн
- 2022