Оралдағы «Өрлеу» филиалында 29-30 қазан күндері мақсатты мектептердің пән мұғалімдеріне арналған бетпе-бет біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курстарда бастауыш сынып, биология, информатика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін жетілдіруде.
Курстар Оралдағы «Өрлеу» филиалы және қалалық Мұстахым Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ, №7 ЖООБМ базасында өтуде.
Мақсатты мектеп педагогтеріне арналған курсқа «Өрлеу» тренерлері мен қатар практик-мұғалімдер дәріс беруде.
Бетпе-бет ұйымдастырылған курста педагогтер білімдерін тереңдетіп, заманауи оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алады.
Оралдағы «Өрлеу» филиалымен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!




