Осы аптада Оралдағы «Өрлеу» филиалында және облыстың Бөрлі, Жаңақала аудандарында ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарына 148 педагог қатысуда.
Курстар «Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі», «Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар», «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту», «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру» сынды өзекті тақырыптарды қамтиды.⠀
Бағдарламалар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне және пәндік-әдістемелік шеберлігін шыңдауға бағытталған.



