Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы базасында кітапханашылар, дефектологтар, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері, шағын жинақты мектеп педагогтері; Мұғалжар, Алға, Мартук аудандарында шағын жинақты мектеп басшылары, мектепке дейінгі ұйым педагогтері, бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіруді бастады.
Курс барысында тыңдаушылар пәндер бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесінде қолдануды, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамыта отырып, оқытылатын пән саласындағы пәндік білімді тереңдетіп, білім сапасын арттыру аясында пәндік және IT құзыреттіліктерін жетілдіреді.









