Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда

     Бүгін 13 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстар төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды.
«Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған;

«Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» тақырыбында Химия пәні мұғалімдеріне арналған;

«География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жасаудың білім беру технологиялары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған;

«Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері арналған;

«Реализация ценностно-ориентированного подхода в начальной школе» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған;

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақрыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған;

«Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған;

«Білім берудегі менеджмент» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған;

«Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлері, аға тәлімгерлеріне арналған;

«Заманауи жағдайда білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын жүргізу үшін педагогтердің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында білім беру ұйымдарының  (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психологтер, әлеуметтік педагогтер), педагогтеріне арналған;

«Робототехника және STEM-білім беру» тақырыбында Орта білім беру ұйымдарының жаратылыстану пәндерінің педагогтеріне арналған;

«Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың (дефектолог-мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында дефектолог-мұғалімдер, дефектологтарға арналған;

Біліктілік арттыру курстары мемлекеттік тапсырыс негізінде өтуде. Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! «Өрлеумен» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар