Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда

Бүгін 27 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курстар төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» ;
«Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;
«Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі»;
«Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар»;
«География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жасаудың білім беру технологиялары»/ «Образовательные технологии работы с одаренными детьми на уроках географии» ;
«Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері»;
«Тәрбие жұмысының менеджменті»;
«Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша логопедиялық жұмыстың мазмұны» ;
«Қaзaқ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне aрналған біліктілік арттыру курсының «Қaзaқ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дaмыту»;
Аудандарда өтіп жатырған курстар :
«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» Тасқала ауданы;
«Реализация ценностно-ориентированного подхода в начальной школе» Бөрлі ауданы;
«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» Ақжайық ауданы;
«Білім берудегі менеджмент» Бөрлі ауданы;
«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар»/ «Инновационные технологии в обучении английскому языку» Теректі ауданы;
Біліктілік арттыру курстары мемлекеттік тапсырыс негізінде өтуде. Курс тыңдаушылары мен аға оқытушыларға сәттілік тілейміз! «Өрлеумен» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар