Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда

     16 қыркүйек күні Оралдың «Өрлеуінде» қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары басталды. 72,80-сағаттық курстар төмендегі тақырыптар бойынша өтуде:

«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім сапасын басқару», “Практические и содержательные аспекты предшкольной подготовки”, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог- мұғалімдердің түзету- дамыту қызметін оңтайландыру», «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту», «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері», «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2», «Заманауи жағдайда білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын жүргізу үшін педагогтердің құзыреттілігін дамыту», «Жаһандық құзыреттіліктер», «SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары», «Педагогтердің цифрлық құзырлылығын дамыту» (ілгерілемелі деңгей), «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».

    Курс барысында тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бағалаудың технологиясы бойынша кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.

   Осы аптада  курсты  279 тыңдаушы бастады. Ендеше, курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! Оралдың «Өрлеуін» таңдаған әрбір педагогке алғысымызды білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар