Біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды

Ағымдағы жылдың 11наурызы мен 20 наурызы аралығында мектепалды даярлық тобының педагогтеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері»,«Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыптары бойынша облыс көлемінен келген тыңдаушыларымыз білімдері мен біліктіліктерін арттырды. Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытып шыңдады. Теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білім қоржындарын толықтырды. Курс тыңдаушылары қоржындарына байлаған тың идеяларын өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданысқа енгізеді деп күтеміз. Әрбір әріптесіміз үшін осы біліктілікті арттыру курсы кәсіби дамудың тағы бір өсу нүктесі болатынына сенімдіміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар