Бүгін, қазанның 9-ы басталған екі апталық курстар аяқталды. Институт қабығасында мектепкедейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, математика, қазақ тілі мен әдебиет, көркем еңбек, алғашқы әскери дайындық сабақтарының, бастауыш сынып мұғалімдері, тәлімгерлер мен дефектологтар және мектеп басшылары, барлығы 300-ден астам педагог біліктілігін арттырды.
Курс аясында “Өрлеу”-Павлодар директоры Роза Ашимбетова орыс тілі мен әдебиеті (тренері – кафедра меңгерушісі А.Ахметниязова) пәні және бастауыш сынып мұғалімдеріне (тренері – аға оқытушы А. Идилуп) арналған курстарға қатысты. Директордың айтуынша топтың бірі нормативті-құқықтың актілермен танысып, білім беру Заңының негізі идеясын талқыласа, екінші топ тыңдаушылары сабақтар барысында стилистикалық талдау белсенділік пен креативтілік танытты.









Өзге топтарда да оқу барысы қызықты әрі әсерлі болды. Мәселен, оқытушы Динара Тоганбекованың тобындағы мектепалды даярлық топ/сынып педагогтері жобаларды қорғау барысында кіріктірілген шығармашылық тапсырмаларды орындап, дидактикалық ойындар, спорттық жаттығулар түрлерін көрсетті. Ал тренер Бағлангүл Каримованың ШЖМ басшылары мен ұстаздарынан құрылған топ қаламыздың қарттары мен мүгедектері үйіне волонтерлік акциясымен барып, ата-әжелерге арнап Абай өлеңдерін оқып, Шәмшінің әндерін тарту етті. Бұл іс-шара сол үйдің тұрғындары үшін жүректеріне жылулық сыйлағаны айқын.
Білім беруде тек теорияны оқып, практиканы жүзеге асырып қана қоймай, сондай-ақ жүректеріміздің кішкентай бұрышында мейірімділік деген ұшқынды жандырған курстар қалайша тыңдаушыларымыздың естерінде қалмас?!