Ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 21 маусым аралығында «Физика бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырудың заманауи білім беру технологиялары», «Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру», «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері», «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру», «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2», «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Білім берудегі менеджмент», «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыптарындағы біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
♻Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытып шыңдады. Теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білім қоржындарын толықтырды.
⚜Курс тыңдаушылары қоржындарына байлаған тың идеяларын өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданысқа енгізеді деп күтеміз. Әрбір әріптесіміз үшін осы біліктілікті арттыру курсы кәсіби дамудың тағы бір өсу нүктесі болатынына сенімдіміз!